ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай «Ислам және Отбасы Құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласының «Жастар» секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков және Еңбекші ауданына қарасты «Амали Солих» мешітінің жамағаты және найб имамы Полат Амревтың ұйымдастыруымен «Алақай Парк» ойын сауық орталығында Сайрам балалар үйінің 100 балаға қуаныш сыйлады.

Шара барысында «Жастар» секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков бүлдіршіндерді құттықтап, «Исламдағы баланың орны» жайлы уағыз насихат айтты.
Сөз соңында балаларды қуантып демеуші болған азаматтардың кәсібіне береке тілеп, алғыс айтты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38