Шымкент қаласы, Абай аудандық «Гауһар ана» мешітінде ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, «Ақсақалдар арасында ІІ Республикалық бата беру» байқауына іріктеу «Бата – балаға мәңгі құт» бата беру сайысын өткізді.

Сайыстың бірінші кезеңінде, «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша сұрақтар қойылды, екінші кезеңінде, «Бата түрлері» бойынша бата берді және әр қатысушыға бата беру үшін 10 минуттық дедлайн қойылды. Сонымен қатар, ақсақалдардың сөз саптауына, сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.

Шараға Шымкент қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Мусабек қажы Ақтамберді және қалалық мешіттің наиб имамдары Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естемиров, сондай-ақ, қалалық «Дін мен дәстүр» саласына жауапты Самат қажы Анарбаев және аудан имамы Бердалы қажы Жәміш бастаған ауданда орналасқан мешіттердің имамдары мен ДСАК шәкірттері қатысты. Сонымен қатар, бата сайысына 15 үміткер ақсақалдар тіркелді. Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 53 кісі болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38