Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Тура жол» мешіті қасындағы әйел-қыздар діни сауат ашу курсында сияр сабақтары (Пайғамбарымыздың саллалаһу аләйһи уасәлләм өмірбаянын үйрену) бойынша шәкірттер арасында жарыс өткізілді.

Жарыс адамзаттың асыл тәжі болған ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өміріне байланысты түрлі қызықты сұрақтар қойылатын ойын форматында ұйымдастырылды.
Ал қазылар алқасы ретінде Шымкент қаласы бойынша әйел-қыздар секторы жетекшісі Балжан Досжанова, Шымкент медресе колледжіның қыздар бөлімі меңгерушісі Жұмагүл Наубет, сияр ұстазы Назерке Қойшыбай ұстаздар арнайы шақырылды.

Қызықты ойын форматында өткен бұл жарыста шәкірттер 3 топқа бөлініп, әрқайсысы осы уақытқа дейін алған өз білімдерін сынады.

Жарыс жүлдегерлері

1-топтан:

1-орын иегері: Худайбергенова Зухра – 15 000 тг;
2-орын иегері: Султанбаева Чарос – 10 000 тг;
3-орын иегері: Ризаметова Дильфуза – 5 000 тг.


2-топтан:

1-орын иегері: Сайдуллаева Мунира – 15 000 тг;
2-орын иегері: Шарипова Фарай – 10 000 тг;
3-орын иегері: Мирахимова Азиза – 5 000 тг.

3-топтан:

1-орын иегері: Хасанова Маъмура- 15 000 тг;
2-орын иегері: Тойчиваева Гузаль –  10 000 тг;
3-орын иегері: Курганбаева Махфуза – 5 000 тг.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38