Шымкент қаласы, Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінде ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, «Ақсақалдар арасында ІІ Республикалық бата беру» байқауына іріктеу үшін «Ақ бата» бата беру сайысын өткізді.
Сайыстың бірінші кезеңінде, «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша сұрақтар қойылды, екінші кезеңінде, «Бата түрлері» бойынша бата берді және әр қатысушыға бата беру үшін 10 минуттық уақыт қойылды. Сонымен қатар, ақсақалдардың сөз саптауына, сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.
Шараға Шымкент қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Мусабек қажы Ақтамберді және қалалық мешіттің наиб имамдары Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естеміров, Қазыбек қажы Сарыбаев, сондай-ақ, «Дін мен дәстүр» саласына қала бойынша жауапты Самат қажы Анарбаев және аудан имамы Ерман қажы Бекбауов бастаған ауданда орналасқан мешіттердің имамдары мен бата сайысына қатысушы 13 ақсақалдар қатысты. Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 37 кісі болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
















