Шымкент қаласы,Еңбекші ауданы, Хазреті Али мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсы,әйел-қыздар жамағаты арасында «Құран-жүрегімнің нұры» атты тәж кию рәсімі өтті.
Рухани негіздегі іс-шара Алланың қасиетті сөзімен ашылды. Құран оқуды үйренген шәкірттерге марапат табысталды. Сонымен қатар, Құран оқу мен тыңдаудың денсаулыққа пайдасы жайлы айтылды. Одан өзге шәкірттер «Құран-жан тыныштығы» атты ғибратты қойылым қойды.
Аудандық Исамиддин баба мешітінің ұстазы Гүлжан Сыдықова Құранның маңыздылығы туралы уағыз айтып, Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіп,алғашқы белесті бағындыруларымен құттықтады.
Тура жол мешітінің ұстазы Насиба Исмаилова ілімнің маңыздылығына тоқталып,шәкірттерге ақ тілегін айтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



