Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қалалық «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен «Ұстаз ұлы есім» атты рухани-танымдық кеш өтті.
Рухани кешке Республикалық «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құттықожақызы, қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетеушісі ұстаз Балжан Досжанова, ұстаз Айжарқын Түзелова (Шымкент қаласы), Назерке Әкішқызы (Алматы облысы), Гүлмира Ілесбайқызы (Алматы қаласы), Жазира Иманәлиева (Жамбыл облысы), Еңлік Әбиева (Түркістан облысы) арнайы мамандар қатысты.
Руцхани кеш барысында дін мен дәстүр, тәлім-тәрбие т.б. өзекті тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алған 50 әйел-қыздарымызға тәж кигізу, марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Кеш соңында арнайы мерекелік дастархан жайылды.
Айта кетсек, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының айтулы шараға арнайы қатысқан барлық қонақтарға алғыс айтылып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі