Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында жолдаған бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінің студенттеріне «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы аясында семинар дәріс ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы мен «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың ортақ жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарға Шымкент қаласы «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты өкілі Самат Анарбаев арнайы қатысып, шәкірттерге мүфтият тарапынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» ІІІ кітабын таныстыру аясында дәріс оқыды. Өте әсерлі өткен кездесу барысында шәкірттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алып, мол мағлұматтарға ие болды.
Айта кетсек, «Шымкент» медресе-колледжінің медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың айтуынша осы бағыттағы жұмыстар оқу жылы аяқталғанша айна екі рет тұрақты өткізідетін болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі