ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық, “Байғұт баба” мешітінде “Ислам және Дәстүр құндылығы” жылы аясында Қаратау ауданы, Әйел-қыздар секторының ұстазы Гүлжан Нұрланқызының бастамасымен шәкірттерге “Иманыңды қуатта” 4 айлық діни сауат ашу курсы басталды. Шәкірттерге сәттілік тілеп: Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінің Бас имамы Ербол Қалшабек Шымкент қаласының Бас Имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, сабаққа келген әжелер мен қыз келіншек шәкірттерге сәттілік тілеп насихат айтты.
Қаратау ауданы “Есжанұлы Сейітжан қари “ мешітінің Найб имамы, Қаратау ауданы бойынша оқу ағартуға жауапты Иса Яхия “ Білім алудың артықшылығы” жайлы насихат айтса, Қаратау ауданы “Аңламас ата” мешітінің Имамы Қаратау ауданы бойынша Жат ағымға жауапты Аманжол имам
“Ағымның зардабы мен интернетте бей ресми сайттардың зардабы” , – жайлы насихаттар айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38