Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде «Көркем уағыз-насихат айту әдебі» атты қала имамдарының форумы болып өтті.

Имамдар форумын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып жүргізді. Басқосу аясында шаһар имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Ахметжан Керімбек және  «Сейтжан қари» мешітінің имамы Ерсін Әміре, қалалық мешіттің заңгері Бауыржан Аманжолұлы өзге де дін қызметкерлері баяндама жасады.

Форум аясында ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласы «Сейтжан қари» мешітінің имамы Ерсін Бекайдарұлы ҚМДБ тарапынан қабылданған «Уағыз-насихат айту әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы құжатын кеңінен таныстырып, көркем уағыз-насихат жүргізу тәртібі мен әдебі,  әдіс-тәсілдері туралы дәріс оқыды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38