ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына орай, Шымкент орталық мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» атты әжелер форумы өтті.

Тұңғыш ұйымдастырылған әжелер форумын дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді.

Форум аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаевтар құттықтау сөз сөйледі. Мұнымен қатар,  Шымкент орталық мешітінің найб имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлының «Ысырапшылдық мәселелері», Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаздың «Тәрбиелі қыз – елдің көркі», Түркістан облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әбиева Еңлік ұстаздың «Келіні жақсы үйдің – керегесі мықты», Шымкент қаласы «Әжелер мектебінің» жетекшісі Бекжанова Қалдыкүл апаның сөзі, Ешенқұлова Зулфия «Қызға қырық үйден тыйым» , Салмұратова Рабиға «Келінің жақсы болса – үйдің берекесі» Жұманова Мадина «Ене – отан анасы» және Тұрсынова Баршагүл апаның «Ененің рөлі» тақырыптары бойынша әсерлі баяндама жасап,  өмірлік тәжірибелерімен  бөлісті.

Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Әсерлі басқосу соңында барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді. Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар қабылданды. Әжелер форумы тұрақты түрде жыл сайын, түрлі тақараптарды арқау етіп өткізіліп тұратын болып шешілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38