ҚМДБ-ның ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында  Шымкент орталық мешітінде «Көркем уағыз-насихат айту әдебі» атты қала имамдарының форумы болып өтті.

Имамдар форумын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып жүргізді. Басқосу аясында шаһар имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Ахметжан Керімбек және  «Сейтжан қари» мешітінің имамы Ерсін Әміре, қалалық мешіттің заңгері Бауыржан Аманжолұлы өзге де дін қызметкерлері баяндама жасады.

Бүгінгі өткен форумда Шымкент қаласы орталық мешіттің найб имамы Қазыбек Сарыбаев хадистану ілімі жөнінде дәріс оқыды.

Сондай-ақ, жуырда мешіт имамдарына «Діни оқу-ағарту» бағытының бағдарламасы аясында хадис іліміне қатысты курс басталатынын хабарлады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38