ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде «Көркем уағыз-насихат айту әдебі» атты қала имамдарының форумы болып өтті.
Имамдар форумын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып жүргізді. Басқосу аясында шаһар имам орынбасарлары Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Ахметжан Керімбек және  «Сейтжан қари» мешітінің имамы Ерсін Әміре, қалалық мешіттің заңгері Бауыржан Аманжолұлы өзге де дін қызметкерлері баяндама жасады.
Форум аясында Шымкент қаласы бойынша діни сараптама бөлімінің жауапты маманы Мұхамеджан Естеміровтың арнайы баяндамасы тыңдалды. 

Жалпы, қалаға қарасты 95 мешітінде орналасқан «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышын «Мүфтият» баспа өнімдерімен толықтыру және діни сараптамадан өткен кітаптармен қамтамасыз ету қажет. Мұнымен қатар, қала аумағында орналасқан 25 намазханалар мен діни дүкендерді тұрықты қадағалап отыру сынды мәселелер айтылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы 
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38