Тұран ауданы Қождан ата мешітінде жазғы ДСАК шәкірттеріне және олардың аналарына арналған «Сауатты ана – дені сау бала» атты ерекше форматта семинар өтті.
Семинарды отбасылық дәрігер Есжанова Нұрила ханым өткізді. Жиын барысында 15 жасқа дейінгі балалардың тамақтануындағы топ 5 зиянды өнімдер және тамақтану режиміндегі пайдалы Топ 8 өнім. Зиянды тамақтардың ағзаға кері әсері және ағзадағы дефициттерді толтыру, чек аптан өту, ұйқы, дене шынықтыру және нейрогимнастика тақырыптарын қамтылды.
Балалар көбіне естіген дүниесін емес көрген дүниелерін жақсы қабылдайды. Сол себептен де семинар барысында қызықты мултфилмдер және видеороликтер көрсетілді және балалардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Осы жиында айтылған барлық ақпараттарды тексеру мақсатында балаларды 3 топқа бөліп сөзжұмбақ сайысы ұйымдастырылды. Сайыста «Мубарак» тобы бірінші орынды иеленді. Барлық қатысушы балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Шара соңында Нұрила Есжанова семинарға қатысушы аналарға өзінің «Анемиядан дұрыс емделу алгаритмі» және «Сау отбасы» курстарына тегін сертификат сыйлады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі