Алланың қалауымен Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Байғұт баба мештінің жанынан құрылған Фурқан оқырмандар клубының кезекті Рухани шарасы өтті. Аталмыш шара «Салихалы жар» тақырыбы аясында болды. Рухани кездесуімізді Байғұт баба мешітінің имамы Құранмен және ізгі дұғасымен ашып берді. “Салихалы жар” тақырыбын клуб мүшелеріне жан-жақты ашып, тақырыпты толық жеткізген қонағымыз Шымкент қаласының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан ұстазға алғысымыз шексіз. Ұстазымыз өзінің пайдалы насихатымен жастарымыздың сұрақтарына жауап беріп, ізгілікке жол көрсетті.
Алладан берілген көптеген нығметтер жайлы айта келіп, соның ішінде ең хайырлысы САЛИХАЛЫ ЖАР екенін ұғындырды. Қыздардың тұрмысқа рухани жағынан дайындалуы керек екеніне маңыздылық берді. Рухани шара, Байғұт баба мешітінде өтті әсерлі әрі пайдалы болып өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38