ҚМДБ, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Қарабастау» мешітінде 2024 ж. «Имани жаз» төрт апталық сауат ашу курсына қатысушы ер балалар саны 50 және ата-аналары қатысты. Бір жетіден кейін қыз балалар тобының қоштасу іс-шарасы өтті. Қатысушы саны 28-қыз бала және ата-аналары қатысты. Осы бір айлық курсқа қатысқан барлық шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. Ал үздік болған алдыңғы үш шәкіртке қомақты сыйлықтар табысталды. Мешітіміздің имамы Сейтаев Берік мақтау қағазымен марапаттады. Шәкірттерімізге білім берген ұстаздарымызға Алла Тағала разы болсын, қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38