Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінде әр екі айда бір жаңа шәкірт қабылданып Құран оқуды ережесіне сай оқуды үйретуде.
Соңғы қабылданған 70 шәкірттің ішінен 45-і толық дәрістерге қатысып, соңғы бақылаудан сүрінбей өтті.
Осы шәкірттерге марапаттау ретінде «Құраным алтын тәжім» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Рухани кешті «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз ашып берді. Шымкент қаласы орталық мешітінің ұстазы Түзелова Ақжарқын ұстаз дың уағызымен сусындандырылып, әжелерден бата алынды. Құран оқуға, мешіт әдебіне байланысты спектакльдік көрініс көрсетілді. Тәрбиелік мәні зор монолог оқылып, иләһи әндер айтылды.
Кеш соңында шәкіртер марапатталып, сыйлықтары беріліп, тәжі кигізу салтанаты өтті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі