Бүгін ҚМДБ -ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның Ізгі қоғам бағыты баясында «Ұш бұлақ» жазғы лагерінде демалып жатқан балалар үйінің бүлдіршіндеріне қуаныш һәм шаттық сыйлау мақсатында «Балаларға базарлық» атты рухани қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, аудан бас имамы Ахметжан Керімбек, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Айбек Азимбаев, Ержігіт Мамытұлы, қалалық «Жастар ісі» секторының өкілі Әли Анарқұлұлы, қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелері әжерелеріміз қатысты.
Рухани шара Қасиетті Құран оқумен басталды. Әуелгі құттықтау сөзді шаһар бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровқа берілді. Бұл игі шара ҚМДБ-ның дін мен дәстүр және ізгі қоғам бағыты аясында өткізіліп жатқанын айрықша атап өтті.
Рухани шара аясында ақ дастархан жайылып, дәстүрге сәйкес 100 бүлдіршінге түрлі тәттілер мен жазғы жеңіл киімдер тарту еттілді. Сондай-ақ, рухани кеште елімізге белгілі әншілер Еркін Нұржанов пен Қайрат Түнтековтар ән айтып, балаларға қуаныш сыйлады.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында мекеме басшысы ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының өкілдеріне алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі