Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінде жыл бойы дәрістер ,іс-шаралар , қайырымдылықтар, тазалық шаралары тоқтамайды. Бұл шаралардың барлығы ұстаздардың бастамасымен, белсенділердің жәрдемімен және шікірттер мен жамағаттың қолдауымен іске асуда.
Осы хайырлы істердің баршасында белсенді атсалысып, барын салып жүгіріп, жақсылықта жарысқа үш мешіт жанашырына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің атынан умра сапарына жолдама сыйға тартылды. Раббымыз баршасынан разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38