Бүгін «Шымкент» медресе-колледжінде биылғы түлектер қорытынды емтихан тапсырды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен құрылған комиссия құрамын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қарсы алып, алдағы білім жолы мен діни қызметке кірісетін шәкірттерге батасын берді.
Осыдан кейін емтихан алу жұмыстары басталды. Қорытынды емтихан төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Серікбол Аршабаев, мүшелері Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, «Шымкент» медресе колледжінің арнайы пән оқытушылары Руслан Абдурахманов, Жолшыбек Бауыржан және мемлекеттік емтихан комиссиясының хатшысы Дияра Ташпулатова қатысып, емтихан алды.Биылғы оқу жылын 66 студент тәмамдады.
Айта кетсек, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың атуынша бітірушілерге арналған қорытынды емтихан медресе колледж бағдарламасына сәйкес Құран, фиқһ, араб тілі пәндері және қосымша сұрақтар бойынша алынды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі