Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры бірлесіп «Құрбандық етін мұқтаж жандармен бөліс!» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шара барысында ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев барша көмекке зәру жандарды құттықтап, бақ-дәулет, мол табыс тілеп, бата берді. Қала бойынша санитарлық талапқа сәйкес 3 қасапхана жұмыс жасады.
Жалпы, үш күн бойы ұйымдастырылған шара аясында Шымкент қаласына қарасты мешіттерде 3600 отбасыға құрбандық ет өнімдері мен азық-түлік, ұн, май т.б. көмек берілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі