ҚМДБ-ның Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі,  дінтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы  Сейтбековсапар аясында бірнеше кездесмулерге қатысты.

Соның ішінде, Шымкент  қаласында орналасқан Өнеркәсіп және сервис колледжінің  студенттерімен рухани кездесуге қатысып, «Қоғамда қазақ қызының орны» тақырыбында семинарға қатысып, түрлі тақырыптар бойынша сұқбат жүргізді.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған кездесу аясында студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Аталмыш оқу ордасының басшылығы студенттерге рухани тәлім-тәрбие сағатын өткізіп,  қолдау көрсеткені үшін діни басқарма жұмысына алғыс айтып, ризалықтарын білдірді. 

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің  баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38