ҚМДБ-ның Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесі мен РАНТ мүшесі, дінтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков Шымкент орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Жиналған жамиғатқа дінтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы «Бала тәрбиесінің отбасындағы рөлі» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ, белгіленген тақырып аясында бірнеше сұрақтарға жауап беріп, ізгілік пен мейірімділік, отан мен отбасы т.б. асыл құндылықтарға айрықша тоқталды.
Жұма намазы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен бағдармасы аясында арнайы келген дінтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы жамағат атынан алғысын білдірді.
Жұма намазын жамағатпен оқып, бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға етіп, саяси қуғын-сүргін құнбардарына Құран бағыштады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі