ОҚО бойынша әйел-қыздар сектор жетекшісі Абиева Еңлік ұстаз Рамазан айына дайындық іс-шарасы бойынша жиналыс өткізді.
Аталмыш жиналыста әйел ұстаздары екі айлық жаздық діни сауат ашу курстарының жұмыстарын пысықтады. Және төрт бағыт: діни сауат ашу, үгіт-насиxат, қайырымдылық , жат ағыммен күрес бағыттары бойынша жұмыс жасау қолға алынды. ҚМДБ-ның ұйымдастырумен өткен ІІ Республикалық имамдар форумындағы «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» және «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты қабылданған құжат бойынша өткен форумды жалпы қысқаша таныстырып өтті. Және қасиетті Рамазан айында Облыс көлемі бойынша әйел -қыздар секторының ұйымдастыруымен өтетін түрлі қайырымдылық бағыттағы ауыз ашарларды ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта әйел ұстаздарының ілімін жетілтіруге арналған теолог мамандары арнайы семинар өткізетін болады.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі