Ұлық ай Рамазан қарсаңында ОҚО Бәйдібек ауданы, Кеңес төбе ауылында ақжаулықты аналарға, әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған рухани іс-шара өтті. Тариxи орындарды қорғау, пайдалану коммуналдық мекемесінің директоры Мәуленов Абдіразақ мырзаның мұрындық болуымен өткен бұл кездесуге ОҚО әйел-қыздар секторының жетекшісі және орталық мешітінің ұстазы Абиева Еңлік арнайы шақыртылды. Мәдениет үйінде өткен басқосуда Е. Абиева әйелдер қауымына жалпылама дін мен дәстүр және әйелдің исламдағы орны, қыз тәрбиесі, ұлт тәрбиесі және жастарды жат ағымнан сақтандыру жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ауыл әйелдер-қыздары руxани насиxат тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды. Мәдениет үйінен шыққан соң, ауыл мешітіндегі әйелдер бөлімінде ОҚО әйел-қыздар секторының жетекшісі ғибадаттың маңызы мен пайдасы тақырыбында уағыз айтып, намаз үйренуге ниеті бар әйел-қыздарға Ханафи мәзһабы бойынша намазды қалай оқу керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі