IMG 1139

IMG 1139

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті Жастар ісі бөлімі жетекшісі Шаймерден Бағдат және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жастар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті оқиғалардың, неке және отбасы құндылықтарын сақтау, ерте жүктіліктің, құқықбұзушылықтың алдын –алу бойынша Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында орналасқан А. Байтұрсынов жалпы орта мектебінде, Б. Момышұлы мектеп- гимназиясында, №122, №119 жалпы орта мектептің бітіруші түлектерімен семинар кездесу өткізілді. Жиналысқа АІІБ «әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау» бөлімінің қызметкері Н. Мейірханова, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының дәрігері П. Ахметова, Мақтарал аудандық ауруханасының психологы А. Лесбаева, Аудандық «Нұғман» мешіті «Жастар ісі» бөлімінің жетекшісі Б. Шаймерден, Жастар ресурстық орталығының психологы Г. Сұлтанова, «7 сыр» Республикалық қоғамдық- саяси газетінің редакторы Ғ. Жаппар қатысты. Кездесуді өткізудегі мақсат- жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, аутодеструктивті оқиғалардың алдын алу, темекі шегу және СПИД-тің, жастардың түрлі құмар ойындарынан аулақ болуына үндеу, жастарымызды ұсақ қылмыстармен күреске жұмылдыра отырып, тәртіпке, мәдениеттілікке шақыру, жастарды тазалық сақтап, құрмет көрсетуі керек екендігін түсіндіру, қоғамды тәртіпсіздікке қарсы тұруға шақыру, ислам дінімен біте қайнасқан салт- дәстүрді берік ұстану, оның ішінде ата- анаға деген құрметтің жоғары деңгейде болуы, діни және зайырлы білімді алудағы мақсат т.б мәліметтер түсіндірілді.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 1139

IMG 1140

IMG 1141

IMG 1142

IMG 1143

IMG 1144

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38