Рамазан айы қарсаңында Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінде мәжіліс болып өтті. Жиынға Сарыағаш ауданына қарасты барлық имам-молдалар қатысты. Жиында ҚМДБ да бекітілген бірқатар тапсырмалар мен жұмыс жүргізу жоспарларының орындалу тәртібі кеңінен сөз болды. Оның ішінде биылғы жылғы Қазақстан Республикасы бойынша бекітілген пітір-садақа мөлшері 300 теңге болғандығы, сондай-ақ Рамазан айында Ислам дінінің насихатталуын жоғары деңгейге көтеру, бұл айда халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, халықтың діни сауатын көтеру деген сияқты бірқатар мәселелер айтылды. Аудан имамы жиынға қатысқандарға ораза кестесін таратып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сарығаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі