ҚМДБ-ның ОҚО бойынша жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен елімізге белгілі ғалым, «Сарыағаш» медресесінің директоры болған марқұм Сманов Әбсаттар Шәкірұлының еске алуға арналған Республикалық Құран жарысы өтті.
Аталмыш Құран жарысына еліміздің барлық аймақтарынан толық Құранды жаттаған 35 қари қатысып, бақтарын сынады.
Жарыс алдында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры Абдуғаппар Смановтар алғы сөз алып, қариларға сәттілік тіледі. Жарыстың әділ һәм ашық өтуі үшін «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықылас қари Майлан, Камулжан қари Сыздықов және облыстық мешіттің ұстазы Осман Өзташ мырзалар төрелік өтті.
Жарыста топ жарып бас жүлде иесі Сарыағаш қаласынан келген Шохан Уалихан (үлкен қажылық) иеленді. Ал екінші орынды Талдықорған облысынан келген Дәукен Қайырбай (үмра қажылық) алса, үшінші орынды Шымкенттік Абдуғаппар Тұрсынов (екі жүз елу мың теңге) алды. Айта кету керек, қалған барша қатысушыларға алғыс хатпен және қаржылай ынталандырылды.
Осы айтулы шараның өтуіне қаржылай демеушілік еткен «Достық» туристік фирмасының диекторы Асхат Мауленовқа Алла разы болсын.
Шара соңында барша қатысушыларға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен жарыққа шыққан марқұм Сманов Әбсаттар Шәкірұлының құрметіне жазылған «Ұстаз ұлағаты» атты естелік кітабы тарту етілді. Және арнайы дастархан жайылып, қасиеті Құран бағышталды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі