IMG 1113

IMG 1113

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен жарыққа шыққан елімізге белгілі ғалым, «Сарыағаш» медресесінің директоры болған марқұм Сманов Әбсаттар Шәкірұлының құрметіне жазылған «Ұстаз ұлағаты» атты естелік кітабының таныстырылымы өтті.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» директоры Нұржан Тұрсынбай, «Сарыағаш» медресе колледжінің диекторы Абдуғаппар Сманов, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының өкілі Қалиолла Маджанов, «Достық» туристік фирмасының директоры Асхат Мауленов т.б. азаматтар қатысты.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ұсынысы бойынша кітапты құрастырған облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың қаламынан туындады.
Кітапта Бас мүфти хазреттің алғы сөзімен басталып, өмірбаяны, естелік сөздері қамтылған. Мұнымен қатар, ғалымның түрлі жиындарға айтқан ғибратты сөздері және жарыққа шыққан мақалалары енгізілген. Кітап барша оқырман қауымға арналады.
Шара соңында барша қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, қасиеті Құран тіләуат етілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 1108

IMG 1109

IMG 1110

IMG 1111

IMG 1112

IMG 1113

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38