SAM2346

 SAM2346

2017 жылдың 27 мамыр – қасиетті Рамазан айының бірінші күні!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (Бұдан әрі – ҚМДБ) ОҚО бойынша өкілдігі исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуіне орай брифинг өткізді.
Брифинг барысында ҚМДБ-ның Рамазанға қатысты үндеуі, қасиетті Рамазан айының шарттары, қайырымдылық шараларын өткізу, рухани іс шаралар өткізу, мешіттерде ауыз-ашар рәсімдерінің жәйі, пітір садақасы мен айт намазының оқу уақыттары сынды т.б. мәселелер айтылды.
Брифингті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және оның орынбасары Мұхамеджан Естеміровтар жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.
«Рамазан – араб сөзі, түбірі «рамзау» – «өте ыстық» деген мағынаны білдіреді. Ғұламалар мұны: «Рамазан айында ораза ұстаған пенденің бойына біткен кішігірім күнә-кемшіліктері күйіп кетеді», – деп түсіндіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) ораза туралы өз хадистерінің бірінде: «Кім Рамазан оразасын иман және сауап үмітімен ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі», – дейді. Сондықтан Рамазан айы күнәлар кешірілетін ай деп айтуымызға толық негіз бар. Рамазан – барша мұсылмандардың сағына күтетін қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған мүбарак ай. Бұл ай барша адамзат баласына рахметті ала келеді. Осы айда бір айы бойы ораза тұту парыз етілді. Рамазан айынның фазилаты жайында Құран аяттары мен пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уассалламның хадистері бар.
Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді» делінсе, тағы бір аятта: «Сендердің араларыңда кімде кім рамазан айының туғанын көрсе, сол күні ораза ұстасын. Сырқат немесе жолаушыларға ораза айында ұстай аламаған күндерін басқа күндері ұстасын » (Бақара сүресі, 183-185 аяттар) делінген. Рамазан – айлардың сұлтаны. Бұл айда барша мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәресінен күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады», – деді облыстың бас имаы Ахметжан қажы Керімбек.
Осы тұста, биылғы жылы облыс көлемінде тоқсан бес орында тарауих намазы кезінде хатым Құран түсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның шешімімен биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 300 теңге болып белгіленді. Қасиетті Ораза айт намазы 25 маусым, сағат:

07.00-де оқылады.
Алла Тағала баршамыздың игі ниеттерімізді қабыл етсін!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 SAM2339

 SAM2346

 SAM2351

 SAM2359

 SAM2365

 SAM2360

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38