Қазақ тіліне «әдеп» сөзі – араб тілінен еңген. Дәл сол «әдеп» (أدب) сөзінің синонимы «مكارم الأخلاق» (макаримүл-ахләқ), яғни «әдептілік, көркем мінезділік» деп айтылады. Тіл (лингвистика) саласында әдептілікті «табиғи қасиет, табиғи қалып, инабаттылық, дін» деп те айтады. Зерделей білген адам араб тіліндегі «әдептілік» сөзінің тілдік ұғымының өзі адамға жат емес екенін көрсетіп тұрғанын аңғарады.

Шариғат саласында да әдептілік дәл осы «مكارم الأخلاق» (макаримүл-ахләқ) сөзімен белгіленеді. «Әдептілік» сөзінің шариғаттағы терминологиялық мағынасы: пенденің ойланбастан өз жаратылысына сай барлық жақсы және ізгі амалдарды жүзеге асыру ұғымын қамтиды. Мысалы: жақсы ойда болу, өтірік айтпау, біреуге көмектесу т.б.

Әдептілік – әрбір адамға қажет қасиет әрі ол мәдениеттілік белгісі. Адам қоғамда әдептілігі-мен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-құлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыруы кажет.

Әдептіліктің қайнар көзі мен негізгі қағидаларын Ислам дінінен іздеген дұрыс. Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделгендіктен әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Бұл дініміздің негізгі қағидаларынан айқын көрінеді. Исламдағы материалдық және рухани мәдениет тек арғы дүниеде Алла разылығына бөленумен шектелмейді, бәлки осы дүниеде де адам баласына үлгі боларлық өркениеттің негізін құрайды. Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады.

Осындай адам баласына тән ортақ құндылықтардың бәрін бойына сіңіре білген бірден-бір тұлға – әлемге рақым нұры болып келген ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) болатын. Осыған қатысты Хақ Тағала «Әли Имран» сүресінің 164-ші аятында былай деп баян етеді:

﴿لَقَدْ مَنَّ اللّهُ عَلَى الْمُؤمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولاً مِنْ أَنْفُسِهِمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَة﴾

«Ақиқатында, Алла имандыларға (мүміндерге) Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты /сүннетті/ үйрететін өз іштеріңнен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді»[1]. Тәпсір кітаптарында осы аяттағы «даналық» сөзі «сүннет» деп айтылған. Ал, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті өзге мәселемен қатар әдептілікті де қамтиды. Бұл мәселеде шәк жоқ! Дініміздегі әдептіліктің орны қаншалықты маңызды екенін осыдан-ақ байқауға болады.

Сонымен қатар осы мәселеге қатысты Алла Тағала былай деген:

﴿لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُوا اللهَ وَالْيَوْمَ الآخِرَ وَذَكَرَ اللهَ كَثِيرًا﴾

«Сендерге, Аллаға және ақірет күніне үміт ететіндер әрі Алланы көп еске алатындарға, Алланың Елшісінде көркем үлгі-өнеге бар».[2] Бұл аят Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сөзде, істе және кез келген жағдайда еруге толық негіз болады.

Имам Әл-Хаким Сәһл ибн Сағдтан (р.а) риуаят еткен хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

إِنَّ اللَّهَ كَرِيمٌ يُحِبُّ الْكَرَمَ وَمَعَالِيَ الْأَخْلَاقِ، وَيَكْرَهُ سَفْسَافَهَا

«Ақиқатында, Хақ Тағала – жомарт жомарттықты жақсы көреді. Сонымен қатар, Алла Тағала адамгершіліктің жоғары қасиеттерін ұнатып, ақымақтықты жек көреді»,-деген. Демек, адамгершіліктің шыңы болған әдептілік Жаратушы Иенің разылығына лайық болудың бірден-бір жолы десек қателеспейміз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көптеген хадисінде мұсылман қауымын әдептілікке үндеген әрі үндеп қана қоймай, өзі осы мәселеде өнеге болған. Абдулла ибн Омар (р.а) айтады:

لَمْ يَكُنْ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَاحِشًا وَلاَ مُتَفَحِّشًا. وَكَانَ يَقُولُ: إِنَّ مِنْ خِيَارِكُمْ أَحْسَنُكُمْ أَخْلاَقًا

«Алла Елшісі (с.ғ.с) ұятсыз сөз айтпайтын және әдепсiздiк iстемейтiн әрі ол: «Сендердiң жақсыларың мiнез-құлқы көркем болғандарың»,-деп айтатын».[3] 

Әдептіліктің шарттары

Әдептілік мәселесінде мұсылман пендеден екі нәрсе талап етіледі:

  1. Хақ Тағалаға деген ықыласты болуы;
  2. Әдептілік амалы Алла Тағаланың сөзі Құранға және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне негізделу;

Оның басты себебі ақыретті мақсұт еткен мұсылман пенде әрбір ісін тек Алла Тағаланың разылығы үшін істейді. Бұл – оның өмірлік мақсаты. Сондықтан да, ол барлық мәселеде, соның ішінде, әдептілікке қатысты Құран мен сүннетке назар салады. Бұлай болмаған жағдайда әрбір адам жақсы сипаттың орнына жаман сипаттарды бойына сіңіріп алуы әбден мүмкін.

Әдептілік нышандары

«Әдептілік нышандары» деп шариғат талаптарына сай көркем мінезділіктің белгілерін айтамыз. Әрбір мұсылман пенде бойында төмендегі Ислами әдептілік нышандарына қол жеткізуді көздеп, сол арқылы иманын кемелдендіруі тиіс. Олар мыналар:

  1. Өзіне қалаған нәрсені өзге мұсылмандарға да қалау;

Расулуллаһ (с.ғ.с) айтады:

لاَ يَبْلُغُ عَبْدٌ حَقِيقَةَ الإِيمَانِ حَتَّى يُحِبُّ لِلنَّاسِ مَا يُحِبُّ لِنَفْسِهِ

«Өзiне тiлегендi өзгелерге де тiлемейiнше пенде иманның ақиқатына жете алмайды». [4] Басқа бір хадисте былай деген:

لاَ يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى يُحِبُّ لأَخِيهِ مَا يُحِبُّ لِنَفْسِهِ

«Өзiне қалағанын өзге мұсылман бауырына тiлемейiнше, толық иман келтірген болмайсыңдар».[5]

  1. Тағдырға разы болу;

Алла Тағала айтады:

مَا أَصَابَ مِن مُّصِيبَةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي أَنفُسِكُمْ إِلَّا فِي كِتَابٍ مِّن قَبْلِ أَن نَّبْرَأَهَا ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ ﴿٢٢﴾ لِّكَيْلَا تَأْسَوْا عَلَىٰ مَا فَاتَكُمْ وَلَا

تَفْرَحُوا بِمَا آتَاكُمْ ۗ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ ﴿٢٣﴾

«Жер бетіне және сендердің өздеріңе болатын әрбір қиыншылық – Біз оны пайда етуден бұрын Кітапта (жазылып қойылған). Ақиқатында, бұл Аллаға жеңіл. (Бұл) болып өткенге өкініп, қайғырмауларың үшін. Алла әрбір өзін өзгеден жоғары санаушыны, мақтаншақты ұнатпайды».[6] Аяттардың тәпсірінде Аса ұлы Алла адамдарды жаратпастан бұрын, болатын қиыншылықтарды жазып қойғандығы айтылған. Тағдырға сенудің бір сыры – иманды адам қиындыққа тап болғанда, не бір нәрсеге қолы жетпегенде, не өзіндегі нәрседен айырылғанда қайғыға беріліп, үмітсіздікке түспейді, себебі ол мұның бәрі алдын ала белгіленіп қойылғанын біледі. Ал, жақсылық келіп, игілікке жетсе, масаттанып кетпей, аса ұлы Алланың бергеніне шүкіршілік етіп, разылық білдіреді.

Алланың Елшісі (с.ғ.с) айтады:

مِنْ سَعَادَةِ ابْنِ آدَمَ رِضَاهُ بِمَا قَضَى اللهُ لَهُ، وَمِنْ شَقَاوَةِ ابْنِ آدَمَ تَرْكُهُ اسْتِخَارَةَ اللهِ، وَمِنْ شَقَاوَةِ ابْنِ آدَمَ سُخْطُهُ بِمَا قَضَى اللهُ لَهُ

«Адам баласының бақыты – Алла Тағаланың белгiлеген тағдырына разы болуы. Адам баласының бақытсыздығы – жақсылықты Алла Тағаладан тiлемеуi және Оның белгiлеген тағдырына разы болмауы».[7] Бақытты болу мен оған қол жеткізу – әрбір пенденің асыл арманы. Алайда бақыттың өлшемі мен ұғымы адамзаттың қалауына орай. Біреу бақыт деп денсаулықты түсінсе, біреу байлық деп біледі. Әлде біреулер жиғаным деп түсінеді. Бірақ оның бәрі өткінші. Адамзат қадірін түсінбей жүрген бақыттың бір түрі бар. Ол – Алла Тағаланың разылығына лайық болу. Ал, мұның бірден-бір жолы – тағдырға разы болу. Хақ Тағаланың разылығына лайық болу мәртебесі мен мәңгі жұмақтың нәсіп болуы нағыз бақыт болмағанда, басқа не нәрсе баянды бақыт болмақ?!

  1. Сабырлы болу;

Алла Тағала айтады:

﴿لَتُبْلَوُنَّ فِي أَمْوَالِكُمْ وَأَنفُسِكُمْ وَلَتَسْمَعُنَّ مِنَ الَّذِينَ أُوتُواْ الْكِتَابَ مِن قَبْلِكُمْ وَمِنَ الَّذِينَ أَشْرَكُواْ أَذًى كَثِيرًا وَإِن تَصْبِرُواْ وَتَتَّقُواْ فَإِنَّ ذَلِكَ مِنْ عَزْمِ الأُمُور﴾

«Сендер міндетті түрде мал-дүниелеріңмен және өздеріңмен сыналасыңдар әрі өздеріңнен бұрынғы Кітап берілгендер мен мүшіріктерден көп реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер және тақуалық етсеңдер (Алланың жазасынан қорқып, сақтану) маңызды істерден».[8] Бұл аяттың тәпсіріне келер болсақ, адам мал-мүліктерінен аса ұлы Алланың жолында жұмсауларына байланысты дүниелерінен зекет, садақа жайлы сыналады әрі аса ұлы Алланың адамдарға парыз, міндет өтеулеріне байланысты да сынақтан өтеді. Бұл – адам басына түсетін түрлі қиыншылықтар. Адамдар тағдырға жазылған сынақтарға сыр бермеуі әрі оған дайын болып, беріктік танытулары керек.

  1. Кеңпейіл, кешірімді және кішіпейіл болу;

Алла Тағала айтады:

﴿وَجَزَاء سَيِّئَةٍ سَيِّئَةٌ مِثْلُهَا فَمَنْ عَفَا وَأَصْلَحَ فَأَجْرُهُ عَلَى اللَّهِ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الظَّالِمِينَ﴾

«Жамандықтың қайтарымы – дәл өзіндей ғана жамандық. Ал кім кешірсе және түзетсе, оның сыйы – Аллада. Ақиқатында, Ол әділет-сіздерді жақсы көрмейді».[9]

Расулуллаһ (с.ғ.с) айтады:

وَمَا زَادَ اللهُ عَبْداً بِعَفْوٍ إِلاَّ عِزًّا وَمَا تَوَاضَعَ أَحَدٌ للهِ إِلاَّ رَفَعَهُ اللهُ

«Алла Тағала кешiрiмдi болған пендесiнiң абыройын арттырып, Жаратушысының разылығы үшiн кiшiпейiлдi болғанның дәрежесiн көтередi».[10] Дана қазақ бұл мәселеге қатысты «Кең болсаң, кем бомайсың» деген.

  1. Тек жақсылық істеу;

Алла Тағала айтады:

﴿وَلا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلا السَّيِّئَةُ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي

بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيم﴾

«Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. (Жамандықты)  ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады».[11] Осы аяттың тәпсірінде аса ұлы Алланы бірлеу мен серік қосу, бойұсыну мен бағынбау, ізгі амалдар мен күнәлар тең емес. Жамандыққа сабыр, кешірім және мүмкіндігінше дұрыс амалмен жауап бер деп түсіндірілген. Бұған қатысты аталарымыздан қалған «Таспен ұрғанды аспен ұр» дейтін даналық сөз қалған болатын.

  1. Жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю;

Алла Тағала айтады:

﴿وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنكَرِ وَاصْبِرْ عَلَى مَا أَصَابَكَ إِنَّ ذَلِكَ مِنْ عَزْمِ الأُمُور﴾

«Құпталғанға бұйыр әрі тиым салынғаннан қайтар және басыңа түскенге сабыр ет. Ақиқатында, бұлар – қайрат-жігер танытатын істерден».[12] Бұл аятта Лұқман ұлына ең ұлы құлшылықтардың бірі намазды және құпталғанға шақырып, жамандықтан қайтаруды әрі сол жолдағы қиыншылыққа сабыр етуді, бұл істерде табандылық танытып, қайрат көрсетуді өсиет етті. Ал Ибн Аббас (р.а) осы аятқа байланысты: «Өзгелердің қарсылығын сабырмен көтере білу – шынайы иманның сипатынан», – деген. 

  1. Хақ Тағаланың нығметіне шүкіршілік ету.

«Зумар» сүресінің 10-шы аятында Алла Тағала:

 ﴿إِنَّمَا يُوْفَى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُمْ بِغَيْرِ حِسَابٍ﴾

«Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары есепсіз»,[13]дейді.

Алла Тағала имандыларға жақсылықтарының бұл дүниеде берілетін қайтарымы жайлы хабар береді. Раббысы оларға тыным мен ішкі тыныштық және кең ризық беріп, жүректерін жақсылыққа ашып қояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Менің үмметімнің бір бөлігі әрқашан шындықты ұстанудан танбайды. Оларға арамдық ойлағандар да, қарсы келгендер де зияндарын тигізе алмайды. Бұл аса ұлы Алланың әмірі келгенше /Қияметке дейін/ осы күйде жалғаса береді», – дейді. Ал бір Аллаға құлшылық етулерің үшін Алла Тағаланың жері кең. Бір жерде құлшылық ете алмасаң, басқа жер бар. Раббысының тағдыр еткен ауыртпа-шылықтарына сабыр еткен, күнәлардан өзін сабыр ету арқылы аулақ ұстаған және  Раббысының бұйырғандарын сабырмен орындаған имандыларға есепсіз сый беріледі. Бұл сабыр үшін берілетін, таусылмайтын, сансыз сый.

  Әдепті болудың пайдасы

«Әдептілік пайдасы» дегенде әдепті болудың артықшылықтары ойға оралады. Мұны шариғатта «فضائل» (фадаил) деп атайды. Сонымен, әдептілік-тің пайдаларына тоқталар болсақ:

  1. Әдептілік – ғұмырыңды ұзартып, берекеге кенелтеді.

Расулуллаһ (с.ғ.с) былай:

حُسْنُ الْجِوَارِ وَحُسْنُ الْخُلُقِ يُعَمِّرَانِ الدِّيَارَ وَيَزِيدَانِ فِي الأَعْمَارِ

«Көршімен жақсы қарым-қатынас жасасып, көркем мінезге ие болу елді-мекенді көркейтеді де ғұмыр-жасты ұзартады»,[14]деген. 

Әдептілік – Қиямет күні таразының оң жағын салмақты етеді.

Нәби (с.ғ.с) айтады:

مَا مِنْ شَيْءِ يُوضَعُ فِي الْمِيزَانِ أَثْقَلُ مِنْ حُسْنِ الْخُلُق

«Қиямет күнi таразыға қойылатын нәрселердің iшiнде көркем мiнезден ауыр салмақ басатыны болмайды».[15] 

Әнас ибн Мәлік (р.а) айтады:

أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَقِيَ أَبَا ذَرٍّ فَقَالَ: يَا أَبَا ذَرٍّ، أَلاَ أَدُلُّكَ على خَصْلَتَيْنِ هُمَا أَخَفُّ على الظَّهْرِ وَأَثْقَلُ فِي الْمِيزَانِ مِنْ غَيْرِهِمَا؟ قَالَ: بَلَى، يَارَسُولَ اللهِ، قَالَ: عَلَيْكَ بِحُسْنِ الْخُلُقِ وَطُولِ الصَّمْتِ، وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ مَا عَمِلَ الْخَلاَئِقُ بِمِثْلِهِمَا

«Расулуллаһ (с.ғ.с) Әбу Заррды (р.а) кездестіріп: «Уа, Әбу Зарр! Мен саған орындалуы өте жеңіл, таразыда тым ауыр екі нәрсе жайында айтайын ба?»,-деп сұрады.

– Уа, Расулуллаһ! Әрине, айтыңыз.

– Көркем мінезді болып, аз сөйле. Мұхаммед-тің жаны билігінде болған Хақ Тағаламен ант етемін! Жаратылғандардың ешбірі осы екі амалдан артық іс істей алмайды».[16] 

  1. Әдептілік – кәміл иманның белгісі.

Расулуллаһ (с.ғ.с) айтады:

أَكْمَلُ الْمُؤْمِنِينَ إِيمَانًا أَحْسَنُهُمْ خُلْقًا وَخِيَارُكُمْ خِيَارُكُمْ لِنِسَائِهِم

«Мүміндерден иманы ең кәмiлi – мiнез-құлқы жақсы болғандары. Ал сендердiң ең жақсыларың – әйелiмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың».[17] 

Сондай-ақ басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай:

إِنَّ مِنْ أَكْمَلِ الْمُؤْمِنِينَ إِيمَاناً أَحْسَنُهُمْ خُلُقاً وَأَلْطَفُهُمْ بِأَهْلِهِ

«Расында, мүміндердің ішінде иманы ең кәмілі – меніз-құлқы жақсы әрі отбасына мейірімді болғаны»,[18]-дейді. 

  1. Әдептілік пендені Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне жетелейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады:

 أَحَبُّ عِبَادِ اللهِ إِلَى اللهِ أَحْسَنُهُمْ خُلُقاً

«Пенделердің ішінде Хақ Тағала үшін ең сүйіктісі – мінез-құлқы ең көркем болғаны».[19] 

  1. Әдептілік пендені жәннатқа жетелейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады:

أَنَا زَعِيمٌ بِبَيْتٍ فِي رَبَضِ الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْمِرَاءَ، وَإِنْ كَانَ مُحِقًّا، وَبَيْتٍ فِي وَسَطِ الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْكَذِبَ، وَإِنْ كَانَ مَازِحًا، وَبَيْتٍ فِي أَعْلَى الْجَنَّةِ لِمَنْ حَسُنَ خُلُقُه

«Мен, ақиқатта екендігіне сенiмдi бола тұра талас-тартыстан бас тартқан адамға жәннат-тың маңайынан, әзiлдеп болса да өтiрiк айтпаған адамға жұмақтың ортасынан және көркем мiнез-құлық иесiне жәннаттың ең төрінен үй нәсiп болатындығына кепілдік беремін».[20]

Әбу Һұрайра (р.а) айтады:

سُئِلَ رَسُولُ اللهِ، صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، عَنْ أَكْثَرِ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ الْجَنَّةَ، قالَ: تَقْوَى اللهِ وَحُسْنُ الْخُلُقِ، وَسُئِلَ عَنْ أَكْثَرَ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ النَّارَ، قَالَ: الفَمُ وَالْفَرْجُ

«Расулуллаһ (с.ғ.с) адамның жәннатқа кiруiне көп септiгiн тигiзетiн нәрсе жайында сұралғанда: «Тақуалық пен көркем мiнез»,-деп жауап бердi. Кейiн адамның тозаққа кiруiне себеп болатын нәрсе жайында сұралғанда: «Тiл мен жыныс мүшесiне ие болмау»,-деп жауап бердi».[21] 

  1. Әдепті мұсылман Қиямет күні Алла Елшісімен (с.ғ.с) бірге болады.

Расулуллаһ (с.ғ.с) айтады:

إِنَّ مِنْ أَحَبِّكُمْ إلَيَّ وَأَقْرَبِكُمْ مِنِّي مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَحَاسِنُكُمْ أَخْلاَقًا، وَإِنَّ أَبْغَضَكُمْ إِلَيَّ وَأَبْعَدَكُمْ مِنِّي يَوْمَ الْقِيَامَةِ الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ وَالْمُتَفَيْقِهُون

«Расында, сендердің іштерінде ең жақсы көретiнiм және Қияметте маған ең жақын болатындарың мiнез-құлқы жақсы болғандарың. Ал, мен үшiн ең жексұрын әрi қияметте менен ең алыс болатындарың сөз құмар, мақтаншақ және мылжың болғандарың».[22] 

  1. Әдептілік – мұсылман баласы үшін тозақты харам етеді.

Алла Елшісі (с.ғ.с) айтады:

أَلاَ أُخْبِرُكُمْ بِمَنْ يَحْرُمُ عَلَى النَّار، أَوْ بِمَنْ تَحْرُمُ عَلَيْهِ النَّارُ؟ تَحْرُمُ عَلَى كُلِّ

قَرِيبٍ هَيِّنٍ لَيِّنٍ سَهْلٍ

«Мен сендерге кiм үшiн тозақ харам болатындығын (яғни, тозаққа кiрмейтiндігін) айтайын ба? Ол өзiнiң жұмсақтығы мен кеңшілігі арқылы басқаларға жақын болған адам».[23]           Көркем мінезділікке қол жеткізу  – жүрек тазалығының белгісі. Жүрек күпірліктен азат болғанда ғана тазалыққа жол ашылмақ. «Жүрегім таза, халықты жақсы көремін, үнемі қол ұшын беруге дайын тұрамын» деумен іс бітпес. Негізінде, адами құндылықтарды құрметтеу өте маңызды. Алайда, сол құндылықтардың мән-мағынасын біліп, үнемі есте ұстау иманмен тікелей байланысты. Адамның иманы болмаса істеген жақсылығының жалғасы да болмайды. Өзегі қуыс ағаш секілді үдей соққан дауылға шыдас бермей, шорт кетіп сынған күйі жер жастана құлары сөзсіз.

  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) соншалықты көркем мінез иесі бола тұра: «Аллаһумма ахсин хулуқи кәма ахсанта халқи» «Аллаһым, жаратылысымды әдемі қылып жаратқаныңдай, мінезімді де көркем ет»,-деп үнемі Алла тағаладан жалбарына сұраған.

  Көркем мінез  –  дінімізбен қоса екі дүниеде де бақытқа бастайтын бірден-бір жол. Егер біз ислам ұсынған көркем мінез үлгілерін дәріптеп, иманымыздың кәмілдігін Пайғамбарымыз бен сахабалар секілді іспен көрсете білсек және оны өмірлік дәстүрге айналдыра алсақ, төрткүл дүниенің түкпіріне тарыдай шашылған адамзат баласының исламға деген махаббаты да арта түспек. 

muftyat.kz «Жұма уағызы» кітабынан

[1] «Әли Имран» сүресі, 164-аят.

[2] «Ахзаб» сүресі, 21-аят.

[3] Сахих Бұхари.

[4] Кәнз әл-Ғуммәл

[5] Сахих Мүсілім

[6] «Хадид» сүресі, 22-23 аяттар.

[7] Кәнз әл-Ғуммәл 30781.

[8] «Әли Имран» сүресі, 186-аят.

[9] «Шура» сүресі, 40-аят.

[10] Сунан ат-Тирмизи 2098.

[11] «Фуссилат» сүресі, 34-аят.

[12] «Лұқман» сүресі, 17-аят.

[13] «Зүмәр» сүресі, 10-аят.

[14] Кәнз әл-Ғуммәл 5408.

[15] Тухфат әл-Ахуаз 2011.

[16] Кәнз әл-Ғуммәл 8405.

[17] Муснад Имам Ахмад 2/472.

[18] Сунан ат-Тирмизи 6212.

[19] Кәшф әл-Хафа 131.

[20] Тәһзиб сунан Әбу Дәуд 4792.

[21] Тухфат әл-Ахуаз 2012.

[22] Тухфат әл-Ахуаз 2027.

[23] Әл-Жәмиғу әс-Сағир 2863.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38