Жібекжолы ауылдық әкімдігі Дихан баба елді мекеніндегі №17 Ы. Алтынсарин мектебінде Дихан баба елді мекенінің молдасы А. Дүйсебаевтың ұйымдастыруымен «Қош келдің Мәуліт» атты рухани мереке аталып өтті. Оған ауданның бас имамы Б. Қалдаров, ауыл әкімдігі, ауылдық ардагерлер ұйымы өкілдері, ауыл тұрғындары, ауыл жастары қатысты. Әуелі Құран оқылып, дұға жасалды. Құранды Жібекжолыелді мекенінің имамы Е.Төребеков оқыды. Ауылдық аумақтағы ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Бүркітбаев, ауыл ақсақалы И. Айымбетов, жастар ісі бойынша бас маманы Д. Тасымбетов көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтады. Ауданның бас имамы Б.Қалдаров халықты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірінен уағыз айтты. Кеш барысында «Эмельжан» және «Жаз әлемі» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері «Алданған қыз» және «Қанағатсыз келін» атты көріністер көрсетіп, жиналған жұртты риза етті. №17 Ы. Алтынсарин атындағы мектептің «А» сынып оқушысы Н. Қалқөз «Уақыт қадірі» атты монологымен көпшіліктің жүрегіне жол таба білді. Мектеп оқушыларының орындауында «Жетімдер» қойылымы қойылды. Қырықбай Нағызхан «Кешір Алла» әнін орындады. Кеш соңында ауыл имамы А. Дүйсебаев кешке белсене қатысып, үздік өнер көрсеткендерді алғыс хатпен марапаттады. Отбасылық жағдайы төмен бірнеше отбасына азық-түліктей көмек берілді.
Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің баспасөз қызметі.