Бүгін, Мақтарал аудандық “Нұғман” мешітінде Ауданымыздың бас имамы Бекзат Сыздықовтың жəне Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Шаймерден Бағдаттың ұйымдастыруымен ауданға қарасты мешіт имам- молдалары қвзметкерлеріне алғаш рет “Сенімді сөйлеу- жетістіктің негізі” атты тақырыпта Алматы қаласы, “Өрлеу Груп” өзін-өзі жəне ораторлық өнерді дамыту мектебінің жетекшісі семинар өткізді. Семинар мақсаты- шешендік өнерді дамыту, халық алдындағы дін қызметкерінің жүріс- тұрысы мен киім кию үлгісі, сөйлеу мəнерін үйрету. Сөздердің ұйқасымды болуы үшін көптеген қазақи жинақтағы кітаптар менен даналық сөздерін жатқа білудің маңыздылығын үйретті. Сонымен қатар, парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға баулып, имамдардың ораторлық қабілетін арттыру. Семинар барысында имам- молдалардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға Өрлеу груп спикері ұтымды жауаптар беріп отырды. Курс аяқталғаннан кейін Бас имам Сыздықов Бекзатқа, Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Шаймерден Бағдатқа Ораторлық өнерді дамыту мектебінің жетекшісі Ақын Алмастың атынан алғыс хат табысталды. Жəне де қатысушы дін қызметкерлеріне курсты аяқтағандары үшін сертификат берілді.
Семинар тəмамдалғаннан кейін мешіт имамдары Ақын Алмасқа өз ықылас, тілектерін білдірді.
Мақтарал аудандық “Нұғман” мешітінің баспасөз қызметі