Сарыағаш ауданында Мәуліт мерекесі жер-жерлерде ерекше ықыласпен аталып өтілуде. Осы бір мерекелік іс-шара Дербісек ауыл округіндегі имамдардың және бірқатар ауыл азаматтарының бірлесіп ұйымдастыруымен мәдениет үйінде өз жалғасын тапты. Мерекелік шараға аудан имамы Б. Қалдаров, ауыл ақсақалдары, ақжаулықты әжелер, ел ағалары, мешіт имамдары, мектеп оқушылары, ауыл халқы қатысты. Әуелі Жарақанның хақ сөзі Құран оқумен басталды. Құранды Сангинов Яқуб имам оқыды. Рухани кешті Диханбаба ауылындағы Алтынсарин атындағы мектептің оқушылары сахналық көріністер көрсетіп халықтың ыстық ықыласына бөленді. Аудан имамы Б. Қалдаров Мәуліт жайлы жиналған жамағатқа кеңінен түсіндіріп берді. Жергілікті мәдениет үйінің өнерпаздары да мерекелік іс-шараға өздерін үлестерін қосып, одан сайын жандандыра түсті. Кеш соңында діни кітаптар таратылып, мерекелік дастархан жайылып, мәуліт оқылып, дұға жасалды.
Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің баспасөз қызметі