Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара қаласындағы орталық кітапханада «Діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ОҚО дін істері басқармасының дінтанушысы Ержігітов Марат Қайратұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Түсіпбек, аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ. Ілесов, кітапхана қызметкерлерімен ата – аналармен оқырмандар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында М. Ержігітов қоғамдағы керағар діни ағымдардың сыртқы бейнесі мен іс – әрекеттерін атап өтіп, жастарға діни ағымдардан сақ болу керек екендігін ескертті. Аудан имамы А. Данияров уақыт талабы білімді, білікті болуды талап ететіндігіне тоқталып, діни сұрақтарға жауаптарды ҚМДБ – ның muftyat.kz, ОҚО өкілдігінің oko-meshit.kz, Алматы қаласы мешітінің azan.kz сайттарынан керекті мағлұматтар алуға болатындығын ескертті. Ата – аналармен оқушылар қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптарын алды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.