Шардара қаласы №12 жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік шабуылдан қаза тапқан Оңтүстік Қазақстандық сарбаз Сапар Досбол Еркінбекұлының туылған күніне орай іс – шара өтті. Іс – шараға аудан әкімінің орынбасары Б. Алипов, аудан имамы А. Данияров мектеп директоры, Т. Әліпбаев, ата – анасымен туыстары, БАҚ – өкілдері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Қиянбекұлы Әрине бір өкініштісі сондай ел тыныш халық аман бейбіт күнде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген Досбол бауырымыздың лаңкестік шабуылдан қаза табуы бүкіл Қазақстан елі үшін қайғылы күн болды. Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды әрине, елі үшін жас ғұмырын қиған қазіргі заманның батыры қандай да құрметке лайық. Олардың бұл ерліктерді атақ – даңқ үшін емес, егемен еліміздің тыныштығы үшін жасағаны да ақиқат. Бұл ең алдымен, елі, туған халқы үшін қасық қанын қиятын ата дәстүрдің үзілмегендігін көрсетсе, екіншіден, жас ұрпақтың патриоттық сезімінің мықтылығын дәлелдеді. Аудан имамы А. Данияров ислам – араб тілінде бейбітшілік, тыныштық деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай Исламның бейбітсүйгіш дін екенін атауынан байқауға болады. Алла Тағала Құран Кәрімде «Әрине сендерді қауіп – қатер, ашаршылық және малдардан сондай – ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе: Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз», – деді. Адамның сабырлық пен қанағат, тақуалық пен ерлік секілді игі сипаттары қиыншылықтар барысында байқалады және адамның рухы соның арқасында өркендейді. Мектеп оқушыларының арнай дайындаған жыр – шумақ өлеңдері оқылғаннан кейін, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік мәні бар Досболға арналған «Бейбіт елдің – батыры», – атты тақтасының бетпердесінің ашылу салтанаты болды. Іс – шара соңында ата – анасының шаңырағында жайылған дастарханнан дәм татылып, бақилық болған бүгінгі күннің шейіті Досболдың рухына құран оқып, сауабын бағыштады.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.