Шардара қаласы Қ. Аманжолов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», — тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге аудан имамы А. Данияров, қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, «Аль-Фаттаһ» мешітінің бас имамы С. Шинибеков қатысты. Кездесу барысында аудан имамы А. Данияров қоғамдағы керағар діни ағымдарға тоқталып өтті. С. Шинибеков жастарды білімді болуға шақырып, діни білімді тек қана ҚМДБ — ның бұйрығымен тағайындалған имам — молдалардан, ұстаздардан ғана дәріс алуға болатындығын жеткізді. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.