ҚМДБ ОҚО Жастар ісі бөлімінің өкілі Азамат Абдікерімұлы жəне Шымкент қаласының А.Қаттани мешітінің бас имамы Абдірахманов Бақдаулеттің ұйытқы болуымен бүгін Шымкент қаласы Түркістан сарайында орналасқан ақындар бөлімінде Оңтүстік Асабалармен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы «Сөз түзелсе – ел түзелер» Азулы Асабалардың тойда көп қолданатын сөздеріне тоқталдық.
1) Құдайдың көзі тура болсын.
2) Адамның басы Алланың добы.
3) Құдаңды Құдайыңдай сыйла.
4)Үш күнде тозаққа да үйренесің, осы əйеліңе де жəй-жəй үйренерсің.
5) Бабалар əруағы қолдасын.
6) Сүннет тойда балаңызды (мұсылман болғаны құтты болсын деп айтуы)
7) Періштелердің құлағына шалынсын.
8) Діни əзілдер.
9) Қыдыр – ата рольі.
10) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)айтпаған сөздерін айтуы. Сол сияқты т/б.
Жоғарыда көрсетілген сөздердің дұрыс емес екендігіне түсіндірме жұмыстары жасалды. Алдағы уақытта діни сөздерді ҚМДБ имамдарымен кеңескен түрде айтатын болды.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі