Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына үлес қосып, барлық мешіттерде тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға үлгі болып Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қатысып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында жүзеге асқандығын атап өтіп, тазалық шарасына қатысушыларға алғысын білдірді.
Жалпы, тазалық шарасына Шымкент қаласындағы 106 мешіттің имамдары, қалалық «Жастар ісі» секторына қарасты «Әйел-қыздар» секторы мен мешіт жанындағы еріктілер топ мүшелері қатысты.
Айта кету керек, шара аясында санитарлық талаптарды сақтай отырып, мешіттердің іші мен сырты, дәретханасы, ауласы тазаланып, ретке келтірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің баспасөз қызметі