Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде интернет және әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануға арналған отырыс ұйымдастырылды.
Аталмыш отырысты Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Негізгі мақсат – әлемге дүрбелең салған жұқпалы індеттің салдарынан мешіттердің уақытша жабық болуына байланысты мешіт имамдарының онлайн уағыз-насихат жұмыстары мен діни дәріс жүргізуде әлеуметтік желі тиімді пайдалану туралы түсіндірме жүргізілді.
Сондай-ақ, мешіт имамдарына діни бағытта сайттарға мақалалар жазу, діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ /muftyatkz_KMDB/» және «Хикмет студиясы /Hikmet TV/» ютуб каналы мен Шымкент орталық мешітінің «Iman.kz» ютуб каналдарының оқырмандар санынан артуына үлес қосу, насихат ету сынды мәселелер көтерілді.
Сондай-ақ, жиын барысында мешіт имамдарынан құралған «Qalam-tor Shymkent» топ мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдалып, алда атқаратын жұмыстары туралы нақты тапсырмалар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі