Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, «Ағзамов» сауда белгісімен өндіріліп жатқан «Жасур» және «Мастерская вкуса» атты шұжық өнімдері іске қосылды. Осыған байланысты бұл өнімдер «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. Сертификатты ҚМДБ, Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов табыс етті. Яғни, «Ағзам» кәсіпорнына тиесілі шұжықтар «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарттар» талаптары бойынша сертификатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің баспасөз қызметі