Қазығұрт аудан бас имамы Е.Полатовтың ұйымдастыруымен мешіт имам молдалары күнделікті діни қызметте байланыстарынан қосымша отбасылық байланысты қалыптастыру мақсатында бастама жасауда. Бұл бастама Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни қызметкерлерінің арасындағы байланыс және олардың отбасылық жағдайынан хабардар болу, қажеттілік болса қолдау білдіріп, ұйымдастыру қажет екендігін аудан бас имамдарына айтқан болатын. Осы игі іс ауданымызда бастау алды. Қәзіргі таңда «Нұржан баба» мешіт имамы Қалшабеков Тастанбек , «Қансиейіт баба» мешітінің имамы Кенжебаев Абдімалік , «Тұрғынбек қажы» мешітінің имамы Идияев Ердаулеттің шаңырағында осы аумаққа жақын маңда орналасқан 10 мешіттің дін қызметкерлері жиылды. Аудан бас имамы Е.Полатов басшылығымен әуелі мешітінде Бесін намазын оқып, мешіттің тыныс тіршілігімен танысып, үлгілі тұстарын келген имам қонақтар назарға алып, діни семинармен басталады. Бұл игі іске сол мешіттің жамағаттары қатысады. Сонымен қатар 2 сағатқа созылған діни семинар және жамағаттарымен кездесу өткізілген соң мешіт имамының шаңырағына барады. Имамның тұрмыстық жағдайынан хабардар болып, ата анасы және отбасымен танысып, имамның игілікті істерін атап өтіледі. Имамның отбасы мүшелері қуанып марқайып қалады. Осы барылған мешіт имамдарының тұрмыстық жағдайлары елқатары, күнделікті қосымша қосалқы малшарушылықтары бар. Ауыл жұртшылығының мешіт имамының материалдық жағдайына мән беретіндігін байқадық. Бір үлгі болатындығы ауданнан және ауылдардан қонақтар келеді деп имамға қолдау білдіріп, мешіттің ішкі сыртқы жұмыстары жаңарып қалады. Мешіт имамы осының себебінен бірқатар жұмыстарын істеп алып жатқанына куә болдық. Сонымен қатар, өткен отбасылық қарым қатынас шарасының арнайы альбомы дайындалады. Келесі айға «»Естемес ата» және «Еңбекші» мешіт имамдарында қонақта болатындығымыз бірауыздан келісілді. Бұл шара тұрақты өткізіледі деген сенімдеміз.
Аудан бас имамы Е.Полатов өз сөзінде: «Имамдық қызмет жауапты қызмет, әрбір имам өз ісіне жауапкершілікпен қарауға әрекеттенеді. Өйткені қаншама халық діни мәселеде имамға итағат етеді. Өз кезегінде имам осыларды ескеріп, Алланың алдындағы жауапты, халық аманатын арқалағанын сезініп барынша білім ізденіп, біліктілік арттыруға талпынады. Осы игілікті іс имамдарға зор серпіліс беруде. 2015 жылы ақпан айында Астана қаласында «1-Республикалық имамдар» форумында қабылданған маңызды 4 құжаттың екеуі тікелей діни қызметкерлерімен имамдар жайлы нақты қандай болу керек, әдептері толығымен көрсетілген. Бұл құжат имамдарымызға зор көмегін тигізуде. Күнделікті халыққа атқаратын діни қызметімізде, және діни қызметкерлермен байланыстарымызды осы құжаттарымызды негізге алып атқарудамыз. ҚМДБ қызметкерінің этикасындағы Қызметке қатысты » Қарамағындағы қызметкерлері және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс». әдептердің 12-тармағында көрсетілгендей қарамағымыздағы қызметкерлерімізбен діни қызметтен бөлек олардың күнделікті тұрмысына көңіл бөлу біздің міндеттіміз. Ұйымдастыру ісімізге белсенді атсалысып жатқан Шанақ ауылы «Басқұдық» мешіт имамы Шегірбаев Сәрсенбай атамызға рахметімізді айтамыз»
Шалғайда орналасқан Ақжар ауылына барған уақытымызда сол ауылдың тұрғыны Зейлан ата имамның шаңырағында болған уақытта келіп қатысып, ҚМДБ-ының бұл бастама ісіне жақсы ниет білдірді; «ауыл молдаларын осылай үйіне келіп жағдайын білгені дұрыс, өйткені имам болған соң жағдайым жақсы дей беруі мүмкін, жағдайым жоқ деп айтуға ұялуы мүмкін. Сіздер мінекей, имамдардың шын мәнінде жағдайы қалай, тұрмыстық тіршілігі қандай екенін көзбен көріп тұрғаныңыздай дұрыс. Осы істеріңізге сәттілік тілеймін деп батасын берді».
Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті