Бүгін Еңбекші ауданы «Тура жол» мешіті қасындағы әйел-қыздар діни сауат ашу курстарында білімдерін жетілдіріп жүрген шәкірттер Алланың көркем есімдерін толықтай жаттаудан емтихан тапсырды. Ұлы Алла Тағала Өзінің қасиетті Кәләмінде: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», (Ағраф сүресі, 180-аят) десе, мүбәрак хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса, жәннатқа кіреді» ,- деген «Имам Бухари риуаяты).
Аталған шарада шәкірттер Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін мүдірмей жатқа айтып шығуға әрі мағынасын да айтып беруге тырысты.
Шара соңында қатысушылар мешіт тарапынан дайындаған арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жаратушы Иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарға белсенділік танытуды нәсіп еткей!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38