ОҚО Ордабасы ауданы орталығы Темірлан ауылындағы «Ардагерлер» саябағында «Ырыс алды-Ынтымақ» атты жиын болды.Оған аудан әкімінің орынбасары Ә. Сәдірмек және қоғамдық ұйым жетекшілері, аудандық ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі төрағалары, ауыл имамдары, ауыл билері және ауыл тұрғындары қатыстырылды. Жиында негізінен ел бірлігін сақтау, ұлттар арасында татулық, жастар тәрбиесі және жат ағымға тосқауыл қою тақырыбында ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Жиында арнайы бағдарлама қабылданып, жүйелі нақты іс-шаралар атқару бағыттары және өзекті мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.