Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Қарабура әулие» мешітіне Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV Республикалық байқауна Шымкент қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық Құран секторы Ерман Бекбауов, Әл-Фараби аудандық мешіттің имамы Ералы Есенгелдиев, Қаратау аудан бас имамы Ербол Қалшабек арнайы қатысып, қариларға сәттілік тіледі.
Жалпы іріктеу сайысына 104 қари қатысты. Жарысқа белгілі қари Камилжан қари Жолдасұлы, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, «Есжанұлы Сейтжан қари» мешітінің найб имамы Мейірбек Сәрсенбаев қари-ұстаздарымыз төрелік етті. Жарысты қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов жүзгізді.
Қатысушылар төрт аталым негізінде жарысқа түсіп, жарыс нәтижесі бойынша:
30-шы пара бойынша:
1-орын:Валихан Мансурхан (ұмра қажылық)
20 пара бойынша
1-орын: Мұхаммедали Шакиров
10 пара:
1-орын: Эмиршах Аримжанов
Мәнерлеп оқу бойынша
1-орын: Аман Азамат иеленіп, жолдамаға ие болды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған байқауға дінжанашыры, кәсіпкер Азамат Қамбаров мырза демеушілік көрсетті.
Төрт аталым бойынша бірінші орын алған жеңімпаздарға диплом және қаржылай сыйлықтар табыс теліп, ХІV Республикалық байқауына жолдама берілді. Ал қалған қатысушыларға өкілдіктің арнайы естелік һәм ынталандыру алғыс хаты табысталды.
Жиын соңында мешіт дәмханасында мерекелік дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі











































