Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың қатысуымен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай марапаттау шарасы болып өтті.
Осы орай, асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген имам-ұстаз, білікті маман Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Алғыс хатта: «Егемен еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, тыныштығы мен бейбіт тұрақтылығын сақтауда атқарып жатқан белсенді қызметіңіз үшін алғыс жариялаймын»,- деген.
Әріптесіміздің марапаты құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі