Жуырда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Тура жол» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында  Құран оқудан сайысы ұйымдастырылды.

Айтулы шараны бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров  ашып,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, жарыс шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұйымдастырылған жарысқа Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар Әміре, қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Исамиддин баба» мешітінің имамы Ербосын Орын, «Абдурахман» мешітінің имамы Нәзірхан Тасходжаевтар  және т.б. азаматтар қатысты.

Жарысқа 50-ден астам үміткер шәкірттер қатысты. Құран жарысына елге белгілі қари-хафиздарымыз Мейірбек қари Сәрсенбаев пен  Садыков Камилжан қари төрелік етті. Жарыс бес номинация бойынша өтті. Атап айтқнада:

         Мәнерлеп оқу

1-орын – Амір Асылхан

2-орын – Сағындық Ерасыл 

3-орын – Шерметов Умар

            5 пара

1-орын – Шыңғыс Абай 

2-орын – Исақов Махмутжан

3-орын – Куржинов Бекзат

            10 пара

1-орын – Бекзат Мухаммад

2-орын – Илкамжанов Абдулазиз

3-орын  – Набиев Абдуғаффар

            20 пара

1-орын – Бахтияров Билалхан.

2- орын – Мирхахмет Махсут

3-орын – Бактияров Абдулазиз

         Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров пен «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешовке және қаржылай қолдау көрсеткен демеуші азаматтарға Алла Тағала разы болсын! 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38