Шымкент қаласы «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев және орталық мешіті жанындағы «Әжелер» мектебінің мүшелері Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Сатыбалды Әбішұлы» атындағы Ислам орталығында болып, іс шаралар ұйымдастырды.

Кездесу барысында Шымкент қаласы «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев, «Әжелер» мектебінің мүшелері  «Сарыағаш» медресе-колледжінің қыздар бөлімінде болып әйел ұстаздармен кездесті. Кездесу барысында әжелеріміз өздерінің ұсыныс-пікірлер айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, медресенің тыныс-тіршілігімен танысты. Арнайы ұйымдастырылған шара барысында Қазыбек Сарыбаев Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының ұстаздарға жолдаған дұғай сәлемін жеткізді.

Шара аясында әжелеріміз ұстаздар қауымына ақ дастархан жайып, бірігіп оқыған қасиетті хатым Құран Кәрімді жуырда өмірден өткен ұстаз Әбдіғаппар Шәкірұлына және  т,б, ата-баба рухтарына бағыштады. Ұйымдастырылған шарадан ерекше әсері алған «Сарыағаш» медресе-колледжінің құрметті ақсақалы, ұстаз Әбдіжаппар қажы Сманов келген топ мүшелеріне алғысын айтып, ризалығын білдіріді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38