ЖАНТ

«Абдурахман» мешітінде қайырымдылық жасалды

«Абдурахман» мешітінде қайырымдылық жасалды

"Зекет" қоры, ЖАНТ, Жаңалықтар
ҚМДБ Шымкент қаласы, Абай ауданының орталық "Абдурахман" мешітінің ұйымдастыруымен жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түліктей көмек берілді. Осындай игі шараға мешіттің жамағаты мұрындық болды. Атсалысқан барша жомарт жанды азаматтарға Алланың нұры жаусын!
ШЫМКЕНТ:  «Call-Center» орталығының жұмыс  жандануда (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Call-Center» орталығының жұмыс жандануда (ФОТО)

ЖАНТ, Жаңалықтар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы орталық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» мешіттінде агылған «Call-Center» орталығындағы жамағатқа және қала тұрғындарына жұмыс жасауда. Өздеріңізге белгілі, қасиетті Рамазан айында көпшілікке «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты онлайн түрінде сұрақтарға жауап беру жүргізілде. Атап айтқанда, телеграм желісінде 290, сенім телефоны арқылы 60, WhatsApp желісі бойынша 30 және мешітке келіп жекелей 60 сұрақтарға жауап берілген. Жалпы 440 сұраққа жауап берілген. Сондай-ақ, «Call-Center» орталығына 15 білікті һәм тәжірибелі ЖАНТ мүшелері бекітіліп, олар 09.00-21.00 аралығында мешітте болып ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің нұсқаулары негізінде сұрақтарға
ШЫМКЕНТ:  «Діни Оңалту» бөлімінің  жиналысы  онлайн өтті  (ФОТО)

ШЫМКЕНТ: «Діни Оңалту» бөлімінің жиналысы онлайн өтті (ФОТО)

ЖАНТ, Жаңалықтар
Бүгін Шымкент орталық мешіті жанындағы «Оңалту» бөлімі мен ЖАНТ мүшелерінің кезекті жиналысы «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты онлайн түрінде өткізілді.Жиынды Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев пен қалалық «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі Берік Арыновтың жетекшілігімен жүргізілді. Негізгі мақсат ЖАНТ тобының «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты жария етілген төтенше жағдай кезіндегі жұмыстар мен алдағы қасиетті Рамазан айында атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар талқыланды. Соның ішінде орталық мешіт жанындағы +7084784872 нөміріне тіркелген «Call-Center» орталығындағы сұрақ-жауап жұмыстарының сапасын арттыру, уағыз-насихат жұмыстарын «YouTube» каналдары мен «WhatsApp» т.б. әлеуметтік желілерде тікелей байланыс жұмыстарын дамыту сынты тапсырмалар
Жастарды имандылыққа шақыру

Жастарды имандылыққа шақыру

ЖАНТ, Жаңалықтар
Шымкент қаласы, Абай ауданы, "Қазығұрт" елді мекені, 66-шы жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге "Нұр Төбе" мешітінің бас имамы Жәміш Бердалы қатысып жастарға, "Имандылық" тақырыбында уағыз насихат айтты.
Руханият — адамгершілік тәрбие

Руханият — адамгершілік тәрбие

ЖАНТ, Жаңалықтар
ҚМДБ Шымкент қаласы, Әл-Муслим мешітінің имамы Қымбатов Бекайдардың қатысуымен Шымкент қаласындағы өрт сөндіру және төтенше жағдайлар мамандандырылған колледжінде студенттерге "Рухани адамгершілік тәрбие" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Мақсат - жастардың жат ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу, оларды теріс топтардан сақтандыру, және білімдерін арттыру мақсатында кездесу өтті.
ЖАНТ мүшесі КБИ қызметкерлерімен кездесті

ЖАНТ мүшесі КБИ қызметкерлерімен кездесті

ЖАНТ, Жаңалықтар
Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау ниспекциясы» РММ қызметкерлеріне керағар діни ағымдар ықпалынан сақтану бойынша жиын өтті. Кездесуге құқық қорғау органының қызметкері және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары, наиб имам, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау ниспекциясы» РММ басшысы Е.Жолдасов төрағалық етіп, жиналыс басында келген қонақтармен таныстырды. Кездесу барысында ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарының негізгі баптарына түсінктеме берді, сондай-а
ЖАНТ мүшесі әскерилермен кездесу өткізді

ЖАНТ мүшесі әскерилермен кездесу өткізді

ЖАНТ, Жаңалықтар
Бүгін Шымкент қаласы 55652 әскери бөлімі - авиациялық базасында әскери қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамымының орынбасары, наиб имам, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты. Ұ.Алиакбарұлы кездесу барысында деструктивті діни ағым мүшелеріне тән белгі-сипаттар, олардың алдын алу және қарсы тұруға иммунитет қалыптастыру жөнінде сөз қозғады. Жат ағым мүшелерінің әлеуметтік желілерді де қолданатындығы айтылып, өз телефоныңызды, балаларыңыздың телефондарындағы әлеуметтік желілерде тіркелген аккаунттарды бақылау керектігі, өз қауіпсідігіміз үшін жасалатын шаралардың бірі әрі керағар ағымдарға қарсы тұра білудің алғы шарттары екендігі түсіндірілді. Кездесу соңында набим имам тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
ЖАНТ мүшесі «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты кездесуге қатысты

ЖАНТ мүшесі «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты кездесуге қатысты

ЖАНТ, Жаңалықтар
Бүгін Шымкент қаласы М.Сапарбаев атындағы институтқа қарасты «Парасат» колледжінде «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің найб имамы әрі ЖАНТ мүшесі Ұлықбек қажы Алиакбарұлы, «Парасат» колледжінің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Әлиев және 220 студент арнайы қатысты.  Студенттерге  ЖАНТ мүшесі Ұлықбек қажы Алиакбарұлы жастарға діни терроризм, қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу, діни тұрақтылық  барша  Қазақстандықтардың мұраты,  т.б тақырыптар  негізінде ойларын ортаға салып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 
ЖАНТ мүшесі кешкі уағыз жүргізді

ЖАНТ мүшесі кешкі уағыз жүргізді

ЖАНТ, Жаңалықтар
Жергілікті ақпараттық-насихат тобының ЖАНТ мүшесі, Шымкент қаласы,  Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» атты дәстүрлі кешкі уағызды жүргізді. Уағыз барысында  Пайғамбарымыздың сүннеті амал ету, түрлі кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмау сынды өзекті тақырыптарды қозғалды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында «Мумтаз» дәмханасында арнайы дастархан жайылды.