ҚМДБ Шымкент қаласының өкілділігі Әл-Фараби ауданына қарасты Дәуітұлы Шыңғысбайқажы мешітінде Имани жаз 2025 діни сауат ашу курсының шәкірттері “Алланың көркем есімдер” атты іс шара өткізді. Іс шара өте керемет деңгейде өтті ең әуелі Алланың кәләмі болған қасиетті Құран кәріммен басталды. Сосын сөз кезегін мешітіміздің бас имамы Өмірзақ Мамырхан мырза өз тілегін білдірді. Іс шара сайыс түрінде өтті мешітіміздің әйел қыздар ұстазы Әсем ұстаз жаттатқызған көркем есімдердің ең белсенділерін анықталды. Қазылар алқасы мешітіміздің ұстазы,және найб имамымы болды. Ең үздік үш орын өз жүлделерін алып,қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сайыс өте әділ түрде әрі рухани әсерлі болды. Сайыс соңын көрермендер арасынан үлкен жастағы әжеміздің батасымен аяқтадық. Барша ат салысқан жомарт жандарға,жамағатқа Алла разы болғай!



