Шымкент қаласы “Сейітжан қари” мешіті Мұхаррам айына орай “Ашура күні”не арналған арнайы семинар-сабақ өтті Қасиетті Мұхаррам айының құрметіне “Сейітжан қари” мешітінде шәкірттерге арнап “Ораза” тақырыбында рухани-тәрбиелік семинар сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында Құран аяттары негізінде төрт қасиетті ай атап көрсетіліп, парыз ораза мен нәпіл ораза түрлері, оның ішінде нәзір, қаза, кәффарат және Ашура оразасы кеңінен түсіндірілді. Ашура күніне қатысты тарихи мәліметтер, оның шығу төркіні мен шариғи мәні егжей-тегжейлі айтылып, бұл күнгі оразаның артықшылықтары жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у)хадистерімен дәлел келтірілді. Сабақ шәкірттерге үлкен әсер қалдырды. Шара соңында қатысушыларға тәттілер таратылып, жиналған жамағаттан бата алынды. Аллаһ Тағала барша шәкірттеріміздің алған ілімдерін пайдалы, амалдарын қабыл еткей!



